1000 "TopIQ-Mobil Box" мобильді белім беру кешені табысталды
"Алматыкітап" баспасы білім беру саласын цифрландыруға бағытталған әлеуметтік бастаманы іске қосып отыр. Жоба бойынша еліміздің шалғай аймақтарындағы шағын мектептерге 1000 "TopIQ-Mobil Box" мобильді білім беру кешені тегін берілді. Мұндай бастама қалалық және ауылдық мектептер арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және әрбір оқушыға тең білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған дейді. Шаһарда Ахмет Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында "Алматыкітап" баспасының қолдауымен еліміздегі шағын аймақтардағы мектептерге замануи білім алу мен білім беру мақсатында 1000 "TopIQ-Mobil Box" мобильді белім беру кешені табысталды. Бұл жоба қалалық және ауылдық мектептердегі оқушыларға заманауи оқу ресурстарына қолжетімділік беруге бағытталған. Бұл туралы "Алматыкітап" баспасының жетекшісі Есей Жеңісұлы TopIQ-Mobil Box мұғалімдерге, оқушыларға арналған қосымша мектептерде бірінші рет бастау алып жатыр деп түсіндірді. Интернетке қосылуды қажет етпейтін бұл құрылғыны қалалық және шалғай ауылдық мектептерге берді. Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект "Қамқор" орнатылған. Бағдарлама сабақ жоспарларын әзірлеуге, тапсырмаларды тексеруге және оқушылардың оқу үдерісін жеке сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстанның барлық 20 облысын қамтиды, мұғалімдерге арнайы оқыту курсы жүргізіледі. Бұл жоба Президент ұсынған елді цифрландыру бағдарламасын қолдауға бағытталған. "Мұғалімдер мен балалар үшін сапалы білім алуға үлкен мүмкіндік" дейді Есей Жеңісұлы. Жоба қалалық және ауылдық мектептер арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашуға жол салатынын алға тартты.Количество показов: 11
Дата создания: 25.12.2025 10:20:40



















