«100 дос» қоры игі істері үшін марапатталды
Қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында жаңа жыл мерекесі тойланып, мұқтаж жандарға қол ұшын созған “100 дос” қоғамдық қоры ұжымдарының мүшелері марапатталды. Қор көп балалы анаға баспана табыстағалы жатыр. 4 жыл атқарған игі істері үшін облыстық мәслихат еріктілерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. "100 дос" қоғамдық қоры көпбалалы анаға үй сыйламақ. Қордың бұдан басқа да жасап жатқан көмектері баршылық. Бүгін мереке қарсаңында қор ұжымдарының мүшелері жыл бойы жасаған игі істері үшін облыстық маслихат атынан марапатқа ие болды. 4 жыл бойы атқарған игі істері үшін еріктілерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Қоғамдық қордың мүшелері осылайша бірінші рет алғысқа ие болғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Жылдар бойғы жасаған жұмыстардың нәтижесі, ол- 18 отбасы мен91 бала баспаналы болған. "100 дос" қайырымдылық қорының мүшелері адамдарға көмектесу, мұқтаж жанды жалғыз қалдырмау, қажет кезінде қиналған адамға көмек беру- өмірлік ұстанымдарының бірі екенін айтады. Сонымен қатар, қайырымдылық қорға өздерінің көмегін тигізген еріктілер де мұқтаж жандарға көмек көрсетудің маңызды екендігін, осы жолда әлі де жұмыстарын жалғастырып, қызмет атқаратындарын жеткізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы қайырымдылық қордың көмегімен қызмет алушылар арасынан 2 отбасы баспаналы болғаны үшін қуанышты екендерін айтып, тілектерін айтты. Мұндай шаралар қоғамдағы мейірім мен қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Адам күні адаммен деген ұғым бар. Дәл қазір тағдыр талқысына түсіп, қиналып жүрген адам болса, қоғам болып неге көмектеспеске?. және соңғы жылдар мұқтаж жандарға көмек беріп, науқасты емдеп, үйсізге үй әперіп жүрген қорлар да жетерлік.Количество показов: 7
Дата создания: 26.12.2025 09:33:17



















