1-маусым қаламызда халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай бүгін "Өнер орталығы" алаңы думанға айналып, бүлдіршіндер үшін түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Спорттық жарыстар, шығармашалық көрмелер мен қызықты интерактивті алаңдар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Балалық шақтың ең жарқын мерекесі. Бүгін қала көшелері балалардың шат күлкісіне толды. Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарада әр бүлдіршін өзіне ұнайтын қызығушылық алаңын тапты. Алаңда ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Балалар асық атып, мергендіктерін сынаса, енді бірі самокатпен жарысып, жылдамдықтарын көрсетті. Түрлі байқаулар мен эстафеталар да мерекенің көркін қыздырды. Балалар өздерінің көңіл-күйімен бөлісті. Кішкентай қонақтардың көңілін көтеру үшін аниматорлар арнайы шоу-бағдарламалар ұсынып, би мен ойындарға шақырды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп, мерекенің қызығына кенелді. Мерекелік жиында облыс әкімі тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, өскелең ұрпаққа арналған қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Шараның ерекше бөлігінің бірі - заманауи технологиялар көрмесі болды. Мұнда бүлдіршіндер виртуалды шындық көзілдірігі арқылы жаңа әсерге бөленіп, цифрлық әлеммен танысты. Сонымен қатар қолөнер, сурет және танымдық көрмелер де көпшілік назарына ұсынылды. Балалар үшін бұл күн сыйлықтар мен ойындарға толы қызықты мереке болса, ата-аналар үшін перзентінің қуанышын бірге бөліскен ерекше күнге айналды.Количество показов: 9
Дата создания: 02.06.2026 09:29:56



















