1,2,5 және 7-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсті
1-қыркүйектен бастап жоғары санатты, бірінші және екінші санаттағы мұғалімдерге біліктіліктеріне қарай, педагог-шебер, педагог-зертеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор атақтары беріледі. Ол үшін ұстаздар қауымы тесттен өтіп, білімдерін дәлелдеуі тиіс. Облыстық білім басқармасы жоспарлау және болжамдау бөлімінің басшысы Лира Қарағұлованың болжамы бойынша, Ақтөбеде 98 мұғалім шебер, 195-і зерттеуші, 134-і сарапшы, 298-і модератор атағын алуы мүмкін. Айта кетейік, қазір қала мектептері ұстаздарының ең жоғары жалақысы - 124 мың тг, ең төменгі еңбекақы - 69 мың теңге. Ал, мәселен, Шалқар ауданында педагог 161 мың теңге айлық алады.
Количество показов: 2442
Дата создания: 13.02.2018 18:42:11