Ғ.Жұбанова көшесінде жол құрылысы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр
Шаһардағы Ғазиза Жұбанова көшесінің Алаш даңғылына дейінгі жол құрылысы жұмыстары аяқталып, енді жаяулар жолын салу жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында жаңа тротуарлар мен велосипед жолақтары салынып жатыр. Тұрғындар болса, құрылыс жұмыстары уақытша қолайсыздық туғызып отыр. Олар үйлеріне кіріп-шығудың қиындағанын айтып шағымданса, мердігер мекеме өкілдері жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқанын және жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Ғазиза Жұбанова көшесінің Алаш даңғылына дейінгі жол ашылып, автокөлік жүргізушілеріне қалаға қосылатын жол уақытын қысқартып отыр. Қазір бұл учаскеде жол құрылысы жұмыстары қызуда. Техниканың даусы, шаң тұрғындарға қолайсыздық туғызып отырғанын жеткізді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жөндеу басталғалы үйлеріне кіріп-шығу қиындаған. Кейбірі жаяу жүргіншілерге де, көлікпен қатынауға да қолайсыз жағдай қалыптасқанын айтып, жұмыстың тезірек аяқталғанын қалайды. Ал мердігер "Прогресс" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс қарқыны бір кезеңде баяулағанымен, қазіргі уақытта жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жаяулар жолы мен велосипед жолдары салынып, аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Келесі айдың басында жолдың үстіңгі асфальт-бетон қабатын төсеу жоспарланған. Учаске басшысының айтуынша, жол құрылысы жұмыстары 2024 жылдың күзінде басталған. Жобаны осы жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Ал қазір тұрғындар үшін туындап отырған қолайсыздық уақытша. Жаңа аудан болғасын, сәйкесінше құрылыс жұмыстары да жүргізіледі. Кейін көшені абаттандырып, жарықшамдар қосылады. Көше бойына қоғамдық көлік аялдамалары түсетін болады.Количество показов: 20
Дата создания: 24.07.2026 07:23:34



















