«Үздік маман - 2025» республикалық байқауы басталды
Ақтөбеде «Үздік маман – 2025» республикалық байқауы басталды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның ұйымдастыруымен алғаш рет кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр. Екі күндік ауқымды шараға Ұлттық компанияның өңірлік филиалдарының үздік мамандары қатысуда. Республикалық байқаудың ашылуына аймақ басшысы Асхат Шахаров қатысты. Газ саласының мамандарына алғысын білдірді. Биыл аймақта 18 жоба іске асып, 25 ауыл газға қосылады. Бұл жұмыстарға QazaqGaz Aimaq компаниясы белсене араласқан. Бүгінгі республикалық байқау «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп отыр. "Газ инфрақұрылымын дамыту - тек үйлерге жылу сыйлап қана қоймай, әр отбасының тұрмыс сапасын жақсартып, тұтас өңірдің өркендеуіне серпін беретін маңызды қадам. Бүгінгі бәсеке газ саласының үздік қызметкерлерін анықтап қана қоймай, олардың тәжірибесін бөлісуге, өзара ынтымақтастық пен кәсібилікті нығайтуға жол ашады»," дейді Асхат Шахаров. Байқауға еліміздің 14 өңірінен мамандар келді. Компания тарихында тұңғыш рет өткізілген кәсіби байқау жеңімпаздары 5 аталым бойынша анықталады. Қатысушылар арнайы кәсіби сынақтардан өтеді. Үздік нәтижелер көрсеткен мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталады. Мамандар сайысы ертең аяқталады.Количество показов: 29
Дата создания: 21.08.2025 08:45:46