«Қызымды қайтарыңдар!»
34 жастағы ақтөбелік әйел кәмелетке толмаған қызын белгісіз себептермен полицияның алып кеткенін айтып, редакциямыздан көмек сұрады. Вероника есіміді әйел күйеуі, әкесі және інісімен бірге Әлия Молдағұлова даңғылы бойында 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Оның сөзінше, 15 жасар қызын нақты қашан және қандай себеппен алып кеткенін өзі де білмейді. Қызында сколиоз ауруы болған. Бұған дейін ол есірткі және алкогольге қатысты есепте тұрғанын жасырмайды. Жұбайы да сол жағдайда болған. Дегенмен, ол кезең артта қалды деп сендіреді келіншек. Жасөспірім қызын өзіне қайтарғысы келетін ол баласын қандай себеппен және қандай шешім негізінде алып бара жатқанын уәкілетті орган өкілдері нақты айтпады дейді. Аталған жайтқа қатысты құзырлы органдардың түсініктемесі бойынша отбасының тұрмыстық жағдайы көңіл көншітпейді. Олардың айтуынша, отбасының үйінде қалыпсыз көрініс пен тәртіпсіздік орын алған. Жасөспірімнің анасы әлі де наркологиялық диспансерде есепте тұр деп түсіндірді, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ал, қыз бала “Аяла" балаларды оңалту орталығына орналастырылған.Количество показов: 9
Дата создания: 28.02.2026 07:07:54



















