"Қызғалдақ ғұмыр3-Әлия"
"Қазақтың қайсар қызы-Әлия" деп аталатын іс шара Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында өтті. Бірнеше ұлт өкілінің басын қосқан шарада жастар батыр қыздың өмірі жайлы деректерге қанық болды. Олар тіпті еш жерде естіп көрмеген Алия Молдағұлованың өміріне қатысты кейбір мәліметтерді батыр қыздың нағашы сіңлісі Ария Хабиқызының аузынан естіді. Әлия Молдағұлованың туған ағасы Хаби көзі тірісінде балаларына батыр қарындасының ерлік істері жайлы айтудан жалықпаған екен. Әлия қыз жастайынан шыншылдықты ту еткен, бала болса да өтірік айтуды білмеген. Тіпті қарашадайынан қайсарлықты бойына жиған батыр қыз үлкендерге шағым айтуды білмепті. Ол бала кезден барлық жауапершілікті өз мойнына алатын , дейді Әлия Молдағұлованың нағашы сіңлісі. Жастар бас қосқан отырыста батыр қыздың өмірі жайлы деректі фильм көрсетілді. Мектеп оқушылары Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы патриоттық өлеңдер оқыды.Количество показов: 22
Дата создания: 17.04.2025 09:32:16