"Қызғалдақ ғұмыр - Әлия"
Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында "Қызғалдақ ғұмыр - Әлия" атты ауызша журнал өтті. Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Ауызша журнал 3 бөлімнен тұрады. Алдымен оқырмандар Әлияның өмір жолы, ерлігімен танысты. Облыстық мемориалдық музейінің қызметкері Әлия музейіне виртуалды шолу жасап, жәдігерлермен таныстырды. Батыр қыз туралы архивтер, іздеу жұмыстары жайында баяндап берді. Әлияның ерлігі мен қайсарлығы әдебиеті мен музыка әлемінде кеңінен жырланған. Бүгін Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары "Әлия - Батыр қызы, сен халқымның" әдеби монтажын ұсынды. Өлең оқып, ән шырқады.Ауызша журнал соңында оқырмандар назарына батыр қызға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Количество показов: 20
Дата создания: 15.04.2025 10:06:06