Құқығыңыз қорғалған ба?
Бүгін әлемде Халықаралық адам құқықтарын қорғау күні атап өтілуде. 1948 жылы дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған. Құжат әр адамның өмір сүру, еркіндік, қауіпсіздік, білім алу және әділ сотқа жүгіну сияқты негізгі құқықтарын айқындайды. Елімізде де бұл күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіріледі. Мамандардың айтуынша, адам құқықтарын сақтау - қоғамдағы тұрақтылықтың басты кепілі. Әрбір азамат заңды білуі және өз құқығын қорғай алуы маңызды. Халықаралық адам құқықтары күні - адам қадір-қасиетінің жоғары екендігін тағы бір еске салатын күн. Адам құқығы – әрбір адамның дүниеге келген сәттен бастап иеленетін табиғи, ажырамас және тең құқықтары мен бостандықтары. Бұл құқықтар ешкімнің рұқсатынсыз беріледі және оларды ешкім тартып ала алмайды. Адам құқықтарының негізгі мәні – адамның қадір-қасиетін қорғау, оның қауіпсіз, еркін, әділ қоғамда өмір сүруін қамтамасыз ету. Адам құқықтарының қатарына өмір сүру құқығы, еркіндік және жеке басының қауіпсіздігі, сөз бостандығы, ой-пікір еркіндігі, білім алу, еңбек ету құқығы, денсаулық сақтау құқығы, Заң алдында теңдік, қорғану және әділ сотқа жүгіну құқығы кіреді. Ал сіздің құқығыңыз сақталған ба?Количество показов: 8
Дата создания: 11.12.2025 09:27:36



















