Құқық қорғаушылар жастарға заң мен тәртіпті түсіндірді
Жаңа оқу жылы басталды. Жоғары оқу орындарына ауылдардан, өзге өңірлерден келген, бір-бірімен енді танысып жатқан студенттерге дұрыс бағыт бағдар беру қаншалықты маңызды? Жас өскіннің жастайынан қылмысқа баруы – әрине, жантүршігерлік жағдай. Елімізде жеткіншектердің қылмысы жылдан-жылға көбеймесе, азаймай тұр. Оны әлеуметтік желілерден де, теледидардан да көріп жүрміз. Әйтсе де осындай басқосулар жастардың көзін ашуға көмектеседі,-дейді тәртіп сақшылары. Әр құқықбұзушылықтың артында - заң бар екенін ескерту арқылы жастарды жауапкершілікке шақыру. Алаяқтарға алдану, оның ішінде дропер болу қаншалықты қауіпті екенін жастарға түсіндірді. Одан басқа есірткі, телеграм арқылы жеңіл ақша тапқым келеді десе де - оның да арты қуыс екенін ескерту, есірткі тасымалдау немесе оны пайдалану, экстремизм тақырыптарын да полицейлер студенттерге шегелеп түсіндірді. "Заң және тәртіп" дәстүрлі шара. Жыл сайын жан-жақтан жиналып, әлі оңды-солын білмей жүрген жасөспірімдерге мұндай әңгімелерді тыңдау маңызды,-дейді ұйымдастырушылар. Биыл акция аясында 3 мыңнан астам студент қамтылды.Количество показов: 15
Дата создания: 12.09.2025 07:44:11