Қ.Тоқтаров: медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі - мемлекеттің тікелей міндеті
Елімізде Конституциялық өзгерістер қоғамның түрлі саласына тың серпін беруде. Негізгі Заңда еңбек пен еңбек құқығы мемлекеттік құндылық ретінде айқындалды. Бұл - әр азаматтың, соның ішінде медицина қызметкерлерінің де құқықтық қорғалуын күшейтетін маңызды қадам. Мәслихат депутаты Қайырбек Тоқтаровтың айтуынша, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі - мемлекеттің тікелей міндеті. Әсіресе инфекциялық аурулармен жұмыс істейтін сала өкілдері үшін жеке қорғану құралдарының жеткілікті болуы аса маңызды. Референдумға ұсынылып отырған жаңа редакциядағы Ата Заң - адам капиталына басымдық беретін құжат. Онда білім беру мен денсаулық сақтау саласын қолдау, мамандардың құқығын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелері нақты айқындалған. Фтизиопульмонологиялық орталықтың басшысы Тәтімов Ерлан бұл өзгерістер әсіресе медицина қызметкерлері мен ұстаздар қауымы үшін маңызды дейді. Заңда білімнің барлық деңгейі: бастауыш, орта және жоғары білім мемлекет есебінен қолжетімді болуы керектігі көрсетілген. Сондай-ақ дәрігерлердің қауіпсіз еңбек жағдайы мен кәсіби дамуына ерекше назар аударылған. Орталық басшысының айтуынша, қазіргі таңда мемлекет табиғи ресуртармен қатар, адами капиталды дамытуға басымдық беріп отыр. Сапалы білім мен қолжетімді медицина - елдің тұрақты дамуының негізі. Жаңа Конституциялық өзгерістер де осы бағыттағы жүйелі қадамдардың бірі ретінде бағалануда.Количество показов: 5
Дата создания: 24.02.2026 06:25:48



















