Құтқарушылар жолда қалған шетелдіктер мен балалы әйелді құтқарды
Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолында жолаушылар автобусы бұзылып, жолаушылар жолда қалды. Оған қоса, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылынан шыққан жедел жәрдем көлігі ана мен баланы діттеген жеріне жеткізе алмады. Жолда қалғандарға құтқарушылар көмекке келді. Самара-Шымкент автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан жолаушылар автобусы жолда тоқтап қалды. Ресейден Шымкентке бағыт алған көлікте дизель отыны қатып, автобус қозғалысын жалғастыра алмады. Салонда 11 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жетіп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Зардап шеккендер жоқ. Ал, 16-қаңтарға қараған түні құтқарушылар Мұғалжар ауданында әйел адам мен баланы ауруханаға жеткізді. Оқиға жергілікті маңызы бар Жұрын - Қаракөл - Ащысай автожолында тіркелген. Қолайсыз ауа райының салдарынан Ащысай ауылынан шыққан жедел жәрдем көлігі қозғалысын жалғастыра алмай қалған.Количество показов: 7
Дата создания: 17.01.2026 08:24:34



















