Құтқарушылар қысқы қауіпсіздік шаралары туралы айтты
Қысқы кезеңге дайындық жұмыстары басталды. 2024–2025 жылдары ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс жолдарында 96 рет қозғалыс шектелген. Азаматтық қорғау қызметтері 160 рет құтқару жұмыстарына шығып, 425 адамды құтқарып, 277 тұрғынды эвакуациялаған. Ағымдағы жылдың 20 қазаннан бастап барлық қызмет жоғары дайындық режиміне ауысты. Қазір өңірде 270 қар тазалау, 123 эвакуациялық техника және 169 жылыту пункті дайын тұрғанын айтады құтқарушылар. Автожолдардағы 100 қар басатын аумаққа 106 шақырым қалқан орнатылды. Мамандар тұрғындарға қыс мезгілінде ауа райын және жол жағдайын ескеріп жүруді ескертеді. Телефонға 112 нөмірінен келетін хабарламаға мән беріңіздер. Ауа-райы бұзылса, автокөлікпен алыс сапарға шықпауды да назардан тыс қалдырмаңыз.Количество показов: 17
Дата создания: 12.11.2025 07:43:55



















