Құтқарушылар: Балаға сақ болыңыз!
Биыл елімізде 60 бала терезеден құлады. Статистика көрсеткіші адам шошырлық. Жазатайым оқиғаларының алдын алып, тұрғын үйлер мен білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда дейді төтеншеліктер. Халыққа түсіндіру мақсатында жыл басынан бері «Қауіпсіз терезе» акциясы ұйымдастырылып келеді. ТЖМ қазір көпқабатты үйлерде терезе құлпын тегін орнатып жатыр. Жыл басынан бері құтқарушылар бүкіл ел бойынша көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қорғаныш терезе құлыптарын орнату бойынша ауқымды акция жүргізіп келеді. Бұл бастама аясында ерекше назар аударуды қажет ететін отбасыларға 2500-ден астам қорғаныш құрылғысы орнатылған. Олар көпбалалы, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылардың пәтерлеріне орнатылады. Бүгінгі акция да бүлдіршіндердің терезден құлауының алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, тұрғын үйдегі қауіпсіздік шараларын насихаттауға бағытталып отыр.Түсіндірме жұмыстары Алтын Орда ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тұрғын үй кешеніне жауапты өкілдің сөзінше, аулада бала көп. Ата-аналарға жиналыс болатыны ескертілген. Алайда, жиынға санаулы адам қатысты. Тұрғындардың белсенділігі төмен. Алаңда ересектер аз болғандықтан, буклеттер мен түсіндірме қағаздарды төтеншеліктер әр пәтердің есігіне қыстырып кетті. Тек жыл басынан бері акция аясында облысымызда 330 үйге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 20 рет халықпен кездесу өткізілген. Биыл көктемнен бастап облыста 2 жас пен 7 жас аралығындағы 7 бала терезеден құлап, ауруханаға түскен. Біреуі мерт болды. Былтыр дәл осындай 13 жағдай болып, 2 бүлдіршін қайтыс болды. Сондықтан құтқарушылар тағы да ескертеді. Кішкене баланы үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды. Жоғарғы қабаттарда тұратын болсаңыз терезеге қорғаныш торларын қондырып, баламен де түсіндіру жұмыстарын жүргізуді. Терезенің қаншалықты қауіпті екенін үнемі ескертіп отыру керек,- дейді олар.
Количество показов: 14
Дата создания: 11.07.2025 05:46:25