Құрылыста құқық бұзғандарға 14 млн. теңгеден астам айыппұл салынды
Аймақта сәулет және құрылыс саласындағы заңнама талаптарының орындалуына бақылау күшейтілді. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан нысандарға жоспардан тыс 14 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 9 нұсқама берілген. Басқарма мамандары алғашқы 5 айды қорытындылады. Құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар үшін 36 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған. 14 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Биыл 700-ден астам құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, жол және инженерлік желілер нысандары бар. Басқарма арқылы жыл алғашқы 5 айында 186 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Лицензия беру, қайта рәсімдеу, сарапшы аттестаттары мен аккредитациялау қызметтері уақытында көрсетілген, шағым жоқ. Аймақта сақалды нысандар көп. Шаһардың өзінле мұндай 12 нысан анықталған. Соның 5-еуі биыл пайдалануға берілді, ал 2 нысан бұзылып, тағы 2 жоба жұмыстары тоқтап тұр. Басқарма мамандары құрылыс алаңдарындағы санитарлық талаптардың сақталуын тексеріп, іргелес аумақтардың абаттандырылуын да қадағалауда.Количество показов: 20
Дата создания: 28.06.2025 10:29:46