Құрылыс саласында 9 мердігер мекеменің қызметі тоқтатылған
Былтыр басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 1900 хабарлама келіп түскен. Олардың қатарында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, жолдар мен инженерлік желілер бар. Сонымен қатар, салада лицензиялау мен аттестаттау қызметтері жүргізіліп, жалпы 362 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, кәсіпкерлер мен мамандарға қажетті рұқсат берілген. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысының мәліметінше, нәтижесінде 50 миллион теңгеден астам сомаға 119 әкімшілік хаттама толтырылған. Қаланың құрылыс алаңдарын тексеру барысында абаттандыру ережелерін бұзу, жолдарды ластау секілді заңбұзушылықтар анықталған. Басқарма өкілдері 121 сот процесіне қатысып, заңсыз салынған нысандарды бұзу бойынша талап арыздар берген. Бұл жұмыстар ҚР-ның Жоғарғы Соты және өзге де сот сатыларында қаралған. Мамандардың айтуынша, облыс прокуратурасы бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, 9 мердігер ұйымның қызметі тоқтатылып, 1 компания лицензиясынан айырылды.Количество показов: 9
Дата создания: 19.03.2026 07:05:28



















