Өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қобда ауданының Әлия ауылында жеке тұрғын үйдің қора-жайынан шыққан өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Әрбір зардап шеккен отбасының қора-жайлары қалпына келтіріліп, қысқы мал азығы тегін жеткізіледі. Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Арнайы комиссия құрылып, оған аудан әкімі жетекшілік етеді. Қобда ауданының Әлия ауылындағы ірі өрт 19-тамызда болды. Жеке тұрғын үйдің қора-жайында шыққан тілсіз жау қатты желдің салдарынан көрші аулаларға таралды. Жалын шарпыған аумақ - 1100 шаршы метр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам және 25 арнайы техника қатысты. Ауыл құтқарушылары жедел әрекет етіп, 16 үйді аман алып қалды. Зардап шеккендер мен мал шығыны жоқ. Облыстық ТЖД басшысының бірінші орынбасары Айбат Жанабергенов тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мал азығын тұрғын үйлерден кемінде 15 метр қашықтықта сақтау және электр желілерінің маңына жинамау аса маңызды.Количество показов: 19
Дата создания: 22.08.2025 08:11:57