Өңірге сұйытылған автогаз уақытында жеткізілуде
Қалада жанармай құю бекеттерінде кезек байқалмайды. Тұрғындардың айтуынша, жағдай тұрақты. Ақтөбеліктер газ бекетіне келіп, көліктерін сұйытылған газбен толтырып жатыр. Бүгінде сұйытылған газдың бағасында өзгеріс жоқ. Дегенмен коммерциялық бекеттері көгілдір отын бағасын өздері реттегесін, бағадай айырмашылық бар. Қазіргі таңда қалада әлеуметтік газдың құны - 85 теңге. Ал кейбір жанар жағар май құю бекеттерінде автогаз бағасы бір литріне 98 теңгеден сатылып жатыр. Коммерциялық газ болған жағдайда оның құны нарықтағы сұранысқа байланысты өзгеріп отырады. Бүгін түсірілім тобымен жанармай құю бекеттерінің бірінде көгілдір отын 98 теңгеден сатылып жатқанын байқадық. Тұрғындар 5-10 теңгенің айырмашылығына кейде мән бермейміз. Әйтеуір газ үздіксіз болып тұрса болғаны,- дейді.Автокөлік иелерінің бірі көлігіне сұйытылған газды күн сайын құйса, енді бірі аптасына бір рет толтырып аламыз дегенді айтады. Қазіргі уақытта сұйытылған газ тапшылығы немесе жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек байқалмайды. Ресми дереккөз бойынша, ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың шілде айына Ақтөбе облысы үшін 11 165 тонна газ бөлді. 1 мен 29 шілдедегі жағдай бойынша 11 165 тоннаның Ақтөбе облысына сұйытылған мұнай газының 10 791 тоннасы жеткізілді. Бүгін жергілікті зауыттардан автомен 269 тонна газ тиісті бекеттерге жөнелтілді. Ағымдағы айда автогаз құю бекеттерінде тапшылықты алдын алу мақсатында қосымша көлем бөлу мәселесі пысықталып, нәтижесінде шілде айына «СНПС-АМГ», «GPC» зауыттарынан 1 672 тонна қосымша газ бөлінді. Бүгінгі күні зауыттардан жөнелту штаттық режимде жүзеге асырылуда,- делінген басқарма хабарламасында.Количество показов: 15
Дата создания: 31.07.2026 08:13:07



















