Өңірге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі келді
Ақтөбеге бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова жұмыс сапарымен келді. Вице-министр іс сапары аясында ақтөбеліктермен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Халықтың мәдениет пен ақпарат саласындағы мәселелерімен бетпе бет келіп, қажетті ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдады. Бүгін қаламызға ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова іс сапарымен келді. Ол облыстағы мәселелерді көтеріп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Министрдің орынбасары өз сөзінде қоғамда белең алып жатқан басты мәселелерге көңіл бөлді. Қатарында ақпарат және заң төңірегінде қабылданған заңдар бар. Соның бірі - БАҚ және әлеуметтік желідегі жалған ақпарат беру жайында. Жалған ақпарат беруге заңмен қатаң тиым салынады. Бұл мәселеге қазір билік тарапынан тексерістерді жиі жүргізу қолға алынған. Қоғамда белең алған тағы бір мәселе - діни экстермизм. Диструктивті діни ағымды жоюда да бірқатар жұмыстар жүріп жатыр. Мысалы, биыл никаб яғни бет-аузын түгел жауып жүретін жамылғыға тиым салынды. Сонымен қатар көпшілікке шығатын фильмдердің мән-мағынасына да аса көңіл бөлінеді. Одан бөлек, облыстағы мәдени құрылыс нысандарына тоқталды. Биыл еліміздің мәдени орындарына 250 жөндеу жұмыстары және 51 құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. Біздің облыста бүгінде 3 мәдени орынның құрылысы жалғасып жатыр, тағы 10 ғимаратты жөндеу жұмыстары толықтай аяқталуы тиіс.Количество показов: 17
Дата создания: 31.10.2025 08:01:40














 
 
    




 
 