Өңірдегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту қандай деңгейде?
Облыс бойынша цифрлық инфрақұрылымды дамыту мен мемлекеттік басқаруды цифрландыру бағытындағы жаңа жобалар таныстырылды. Өңірде интернетпен қамту көрсеткіштері артып, 5G желісі кеңейіп келеді. Сонымен қатар деректерді талдауға арналған өңірлік аналитикалық платформа іске қосылған. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының айтуынша, аналитикалық платформалар түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Жүйе мемлекеттік сатып алуларды, әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау, білім беру және индустриялық аймақтарды қамтитын деректерді біріктіріп, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті талдау жүргізетін болады. Қазір облыстағы 311 ауылдың 274-і мобильді интернетпен қамтылған. Биыл тағы төрт ауылға байланыс жеткізіліп, қамту деңгейі 98,8 пайызға жетті. Жыл соңына дейін тағы сегіз елді мекен интернетке қосылады деп жоспарланған. Өңірде 5G мобильді байланыс желісі де кеңейіп келеді. Бүгінде облыс бойынша 5G стандартындағы 106 базалық станция жұмыс істейді. Ал "Жібек" атты жасанды интеллект аватары бірнеше мемлекеттік ақпараттық жүйемен біріктіріліп, пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап береді. Қазіргі уақытта оған Отбасының цифрлық картасы, "е-Өтініш" және "Таза Қазақстан" жүйелерінің деректері қосылған. Болашақта ол өңірдегі негізгі салалар бойынша цифрлық кеңесші қызметін атқармақ.Количество показов: 18
Дата создания: 22.07.2026 09:58:43



















