Өңірдегі республикалық жолдарда су басу қаупі бар 12 учаске тіркелген
Қазіргі таңда өңірдегі республикалық жолдарда су басу қаупі бар 12 учаске тіркелген. Оның алтауы - көпірлер, алтауы - су өткізгіш құрылыстар. Аталған қауіпті нысандардың қатарында «Ақтөбе–Әлімбет», «Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз» және «Қарабұтақ–Комсомол» бағытындағы автожолдар бар. Мамандардың айтуынша, бұл учаскелерді ерекше бақылауға алып, тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыр. Су тасқынының алдын алу мақсатында 115 арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, қажетті материалдар қоры да әзірленген. Атап айтқанда, қиыршық тас, құм, қапшықтар және жанар-жағар май жеткілікті көлемде дайындалған. 2025 жылы атқарылған жұмыстар барысында "Жайсан-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда" автомобиль жолының 1132 шақырымындағы көпірді орташа жөндеу жұмсытары аяқталған. "Ақтөбе-Комсомол-Қарабұтақ" автожолындағы су өткізгіш құбырларының орташа жөндеу жұмсытары және "Ақтөбе-Орал" автожолындағы жаңадан су өткізгіш құбыры орнатылған. Сонымен қатар, "Ақтөбе-Әлімбет" бойынша орташа жөндеу жұмыстары аясында 11 су өткізгіш құбыр салынып, "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" бағытында 17 су құбыры жаңартылған.Количество показов: 10
Дата создания: 03.04.2026 07:47:59



















