Өңірдегі бокспен айналысатын жас спортшыларға қажетті құралдар табысталды
Аудандық және қалалық спорт мектептері спорттық құрал-жабдықтармен толықты. 22 командаға боксқа қажетті құрал-саймандар табысталып, игі іс облыстық әуесқой бокс федерациясының қолдауымен жүзеге асты. Бұған қоса, бастапқы тізімге енбеген балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінен түскен өтініштер де ескеріліп, олар қажетті құралдармен қамтылды. Сондай-ақ, жекелеген спортшыларға арнайы дайындалған жабдықтар берілді. Федерация өкілдерінің айтуынша, бүгінде өңір боксшылары жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Сондай-ақ, жас боксшылар 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстарына дайындалуда. Федерация мәліметінше, мұндай қолдау алғаш рет емес. Спорттық инвентарь бұған дейін 2019 және 2023 жылдары да таратылған. Биыл спорт мектептеріне 300 жұп бокс қолғабы, 200 қорғаныш шлемі, 50 бокс қапшығы, 20 бокс алмұрты, 20 қабырға жастықшасы, 40 медицинбол және 20 жұп бапкерлік лапа берілді. Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы бокс жаттықтырушысы Нұрәділ Ізбасаров бұл күннің шәкірттері үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Оның сөзінше, федерация тек құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, спортшылардың жарыстарға, оның ішінде шетелдік додаларға қатысуына да қолдау көрсетіп келеді. Қазір Темір ауданында үш бокс жаттықтырушысы бар және олар 120-ға жуық жас боксшымен жұмыс істейді. Ресми түрде бокс спортына 56 бала тіркелгенімен, спортқа қызығушылық танытатындардың саны әлдеқайда көп. Бүгін аудан спортшыларына төрт бокс қапшығы, 14 жұп бокс қолғабы, 14 қорғаныш бас киімі және арнайы әдістемелік кітаптар табысталды. Федерация өкілдері мұндай қолдау алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айтады.Количество показов: 18
Дата создания: 08.08.2026 08:58:24



















