Өңірдегі ауылдардың 98 пайызы интернетпен қамтылған
Аймақтағы цифрландыру саласында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Өңірдегі ауылдардың 98 пайызы интернетпен қамтылған. Ал облыс орталығында 82 5G станциясы жұмыс істейді. Бұл туралы Бүгін облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы мәлімдеді. 2026 жылға арналған ауқымды цифрлық және жасанды интеллект жобалары таныстырылды. Аймақта былтыр 13 ауыл мобильді интернетпен қамтылған. Ал тұрғын саны 100-ден аз 24 елді мекенге интернет спутник OneWeb технологияысы арқылы жеткізілген. Нәтижесінде қазір өңірде 294 елді мекен интернетпен қатамасыз етілген. Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы бұл ауыл тұрғындарының 98 пайызын құрайды дейді. Дегенмен, аймақта интернеті жоқ 17 ауыл бар. Бұл елді мекендерге қысқа мерзімде тұрақты интернетпен қамту шаралары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Әсет Отарбаевтың мәлімдеуінше, қалада қазіргі таңда 82 5G базалық станциясы жұмыс істейді. Қандыағаш қаласында 6, ал Хромтауда 1 базалық станция пилоттық режимде іске қосылған. Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша облыс аумағында орнатылған бейнекамера саны - 79 мың. 2026-2027 жылдары "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 206 ауылда оптикалық талшықты байланыс желілерін тарту және өңірде IT мамандар даярлау үшін 1700 шаршы метрлік IT парк, Tomorrow School және TUMO Center жобаларын іске қосу жоспарлануда.Количество показов: 6
Дата создания: 14.01.2026 00:31:02



















