Өңірде жазасын өтеп жатқан 210 адам рақымшылыққа ілініп отыр
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізуді бастама еткен болатын. Елімізде 1-ші шілдеден бастап рақымшылыққа ілінгендердің уақыт мерзімі қысқарып, темір тордан босталы да бастады. Кезекті тыңдалым бүгін шаһардағы №9 шы мекемеде өтті. Рақымшылыққа іліккен кейіпкеріміз бұрын есепші болып жұмыс жасаған. Басшылық қызметін де атқарған. Жолдасы, балалары бар. Бірақ, бір шалыс басып, басына осындай сынақ түскен. Ол жазасын Ақтөбе қаласының №9 мекемесінде наурыз айынан бастап өтеп, рақымшылыққа ілініп отыр. Министрлік тәуелсіз Қазақстан тарихында әкімшілік амнистия алғаш рет өткізілгелі отырғанын мәлімдеді. ІІМ желісі бойынша қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ ол ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған, залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда қолданылуы мүмкін. Өңір бойынша рақымшылыққа 210 адам ілігіп отыр. Оның 162-нің мерзімін қысқартса, қалғанын толық жазадан босатады. Ал №9 мекемеде осы уақытқа дейін 7 адам рақымшылыққа ілініп отыр, жалпы мұндай тізімде 27 адам бар. Жеңілдікке ілінетіндердің көбі ұрлық жасағандар,- дейді мекеме өкілдері. Елімізде қылмыстық амнистия шаралары 15 мыңнан астам адамға, соның ішінде түзеу мекемелеріндегі 1,5 мың сотталғанға қатысты болуы мүмкін екені айтылған ІІМ таратқан хабарламада. Заң жобасы белгіленген нормаларды сақтауға және заңға бағынатын өмір салтын ұстануға дайын екенін дәлелдеген азаматтарды қоғамға қайтаруға жағдай жасауға бағытталған.Количество показов: 6
Дата создания: 05.08.2026 06:43:18



















