Өңірде қыз-келіншектерге сүйел вирусына қарсы жаппай екпе салу науқаны жалғасып жатыр
Мүйізгекті сүйел қаптаған жұқпа - жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирустың онкогенді түрлері бірнеше жылдан кейін қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар аурудың алдын алудың тиімді жолдарының бірі екпе салдыру екенін айтады. Елімізде сүйелді жұқпаға қарсы екпе 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ұлттық егу күнтізбесіне кіргізілген. Міндетті екпе ең алдымен 11 жастағы қыздарға ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен салынады. Облыста соңғы екі жылда 11-13 жас аралығындағы қыздарға 13 мыңға жуық сұйықтықтың бірінші дозасы егілген. Ал 7 мың жасөспірімге екінші доза салынып үлгерген. Биылдыққа бұл көрсеткіш 3 мыңға жуықтайды. Жоспар бойынша 14-17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар қосымша иммундаумен қамтыла бастайды. Дәрігерлердің айтуынша, вакцинация үшін ең қолайлы кезең - 9-14 жас аралығы. Себебі бұл жаста ағза вирусқа қарсы күшті иммунитет қалыптастырады. Осы бағытта биылғы оқу жылында мектеп оқушылары арасында екпе жұмыстарын жүргізу де маңызды қадам болып саналады. Қазақстанда сүйел жараларына қарсы "Гардасил" төрт валентті вакцинасы қолданылады. Екпе дәрісі вирустың 6, 11, 16 және 18 типтегі түрлерінен қорғайды. Екпе алғаннан кейінгі жағымсыз әсерлер осы уақытқа дейін анықталмаған. Мамандар ата-аналарды вакцина туралы ақпаратты дәрігерлерден алып, баланың денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық шараларға жауапкершілікпен қарауға шақырады.Количество показов: 10
Дата создания: 09.09.2026 09:06:51



















