Өңірде қылмыстың артуына ішімдік сеп боп тұр
Қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, заңсыз әрекеттерге баратындар да көбейген. Қазіргі қоғамның бас ауруына айналған бұл мәселенің ушығуына прокурорлар түн жарымына дейін ішімдік сататын шағын дүкен иелерінің де үлесі бар деп отыр. Биыл алкоголь өнімдерін сатуға 460 лицензия берілген. Талапты бұзған 30-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қаладағы қылмыс жиі жасалатын аудандар мен аулаларды анықтады. Ол үшін арнайы жоспар құрылған. Көш басында Уәлиханов, Алтынсарин көшелері мен Әбілқайыр хан даңғылындағы үйлер тұр. Ал, шаһарда қылмыстар көбінесе күндіз жасалады.
Аталған аулаларда қазір бейне- бақылау камераларын орнату жұмыстары басталды. Арнайы құрылғылар тұрғындардың келісімімен орнатылатын болады. Сондай-ақ, прокурорлар қоғамдық көліктердегі ұрлық санының 700-ден асқандығын да мәлімдеді.
Количество показов: 1789
Дата создания: 17.11.2016 18:35:16