Өңірде «Уылдырық шашу» акциясы басталды
"Уылдырық шашу" балық қорғау акциясы аясында облыстың су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын уылдырық шашу және көбейту кезеңінде балық аулауға тыйым салу мерзімдері анықталды. 10 сәуірден 10 мамыр аралығында шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балықтарын аулауға тиым салынады. Себебі осы уақыт аралығында аталған балықтар уылдырық шашады. Сондай-ақ, акция кезеңінде бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде инспекция қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, балық ресурстарын аулау құралдарын сатуды жүзеге асыруға жол бермеу жөнінде халық пен жеке кәсіпкерлер арасында рейдтік түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Балық аулаудың өзіндік ережелері бар. Уылдырық шашар кезде аталған балықтарды аулауға болмайды. Ал ереже бұзған жандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. 100 АЕК-тен астам зиян келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Количество показов: 11
Дата создания: 14.04.2026 05:49:55



















