Өңірде «Тәуелсіз ұрпақтары» жобасы бастау алды
Облыста шығармашыл әрі белсенді жастарға жаңа мүмкіндік беретін "Тәуелсіздік ұрпақтары" облыс әкімінің грантына конкурс басталды. Биыл 20 жас өз жобасын жүзеге асыру үшін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде грант ұтып ала алады. Өңірде "Тәуелсіздік ұрпақтары" облыс әкімінің грантын тағайындау конкурсына дайындық басталды, деп хабарлайды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып, өңірдегі белсенді әрі бастамашыл жастардың тың идеяларын қолдауға бағытталған. Биыл грант ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша беріледі. Жалпы саны 20 жеңімпаз анықталып, әрқайсысына 1 миллион 300 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі. Байқауға Ақтөбе облысында тұратын 14 пен 34 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер 21 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында қабылданып, жеңімпаздар жобаларын арнайы комиссия алдында қорғап, үздіктер қыркүйек айының соңында анықталады. Байқау кезең-кезеңімен атқарылып, соңғы кезеңде қатысушылар өздерінің жоспарларын қорғайды. "Конкурс жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және өңірдің дамуына үлес қосатын жобаларды көбейтуге мүмкіндік береді", - дейді мамандар. Қазіргі уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, байқау талаптары мен құжаттар тізімі алдағы уақытта ресми ақпарат көздерінде жарияланады.Количество показов: 26
Дата создания: 21.07.2026 08:12:56



















