Өңірде тұрғын үй нарығында баға тұрақты ма?
Тұрғын үй нарығында түрлі жеңілдетілген бағдарламалар ұсынылғанымен, баспана алу көпшілік үшін әлі де оңай емес. Соған қарамастан тұрғындар арасында ипотека арқылы үй алушылар көп. Алайда жоғары баға мен несие талаптары баспаналы болуды қиындатып отырғанын айтады тұрғындар. Қазіргі кезде құрылыс компанияларымен серіктестік аясында Астана мен Алматы қалаларынан тұрғын үйді 30 немесе 50 пайыз бастапқы жарнамен рәсімдеу мүмкіндіктері ұсынылуда. Ал жылжымайтын мүлік мамандары нарықта бір және екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары екенін жеткізеді. Бірақ тұрғындардың басым бөлігі үшін баспана бағасы әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр.
Количество показов: 10
Дата создания: 19.06.2026 08:20:00



















