Өңірде су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда
Су тасқынынан зардап шеккен "Мағаджан орман шаруашылығы" бау-бақша ұжымының тұрғындары баспаналарын қалыпқа келтіруде. Алайда, сыз басқан едендері әлі кеппеген. Үй жиһаздарын күннің көзіне шығарып кептіріп жатыр. Мұндағы үйлерге кірген судың деңгейі 1 метрге дейін көтерілген. Аталған бау-бақша ұжымының тұрғыны Сағынай Малдыбаевтың үйі екі қабатты. Апат кезінде оның балалары мен немерелері №15 мектепке эвакуацияланып, өзі зайыбымен үйін күзетіп қалған. Үйге кірген судың салдарынан еден көтеріліп, жиһаздары жарамсыз боп қалған, бірнеше тұрмыстық техника істен шыққан. Бүгінде келтірілген шығын мөлшерін арнайы комиссия есептеп кеткен. Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда. Облыста қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан біржолғы төлем бүгінде 457 млн 346 мың теңгені құрады. Оны 1408 отбасы алған. Құжат қабылдау әлі де жүріп жатыр.Количество показов: 330
Дата создания: 19.04.2024 06:16:20