Өңірде су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды
2025 жылы "Жайсан-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда" автомобиль жолының бірқатар шақырымы, "Қостанай-Комсомол-Қарабұтақ" , "Ақтөбе-Орал" , "Ақтөбе-Әлімбет" , "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолдарының бірнеше жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ облыс филиалы тарапынан мердігер мекемелермен біріге көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды. "Ақтөбе-Ұлғайсын" автожолының 791-819 шақырым қайта жаңарту учаскесі бойынша мердігер көктемгі су тасқынына қарсы 18 бірлік техника және жауапты қызметкерлер бекітіліп, материалдар дайындалды. Одан бөлек- 2 500 текше метр қиыршық тас, 2 000 м3- құм, 500 дана қапшық пен 50 тонна жанар-жағар май дайын. Қазір облыс аумағымен өтетін республикалық маңыздағы жолдардың ұзындығы 1 840 шақырымнан асады. Оның бойында 104 көпір мен 1042 су өткізу құбыры бар. Сапаға жауапты мамандардың айтуынша, өңірде әлі де су басу қаупі бар он екі нысан бар. Оның көбі Қарабұтақ – Жүргенов – Қостанай тас жолында орналасқан. "ҚазАвтоЖол" инженерінің айтуынша, аталмыш тасжолға 115 техника бөлінген, барлық ұжым су тасқынының алдын алу үшін жұмыстарға жұмылдырылған. Жауаптылардың айтуынша, қазіргі таңда толықтай жүз пайыз көпірлер мен су өткізгіш құбырлардың барлығы қардан тазартылған.Количество показов: 11
Дата создания: 20.03.2026 10:47:19



















