Өңірде шомылу маусымына дайындық басталды
Жаз мезгілі басталысымен өңір тұрғындары өзен-көл жағасына бет алады. Осыған байланысты облыс бойынша шомылу маусымына дайындық жұмыстары күшейтілді. Облыс аумағындағы су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Биыл облыс бойынша 73 демалыс орны белгіленген. Қазіргі таңда олардың 65-і тексеріліп, 13 жағажайға ғана рұқсат берілді. Атап айтқанда, қаладағы BarBq, Nomad және Тропикано жағажайлары жұмыс істеуге дайын деп танылды. Ал 52 жағажайда құтқару құралдарының жоқтығы немесе суға түсу орындарының талапқа сай келмеуі салдарынан шектеу қойылған.Құтқарушыларды даярлау жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Биыл жағажайларда қызмет атқаратын 72 жасақшы-құтқарушы арнайы оқытудан өткен. Облыс аумағындағы қауіпті саналатын 228 орынға 307 тыйым салу белгісі орнатылды. Балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Мысалы, мектеп жанындағы лагерьлердің жұмыс уақыты түстен кейінге ауыстырылған. Өткен жылы бұл тәжірибе балалар арасындағы суға кету оқиғаларын 33 пайызға азайтқан болатын. Қаладағы өзен жағалауларындағы 11 орынға бейнебақылау камералары орнатылып, алдағы уақытта тағы 35 орынға камера қою жоспарланып отыр. Мамандар тұрғындарға суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе алкогольдік ішімдік ішіп суға түсуге, балаларды қараусыз қалдыруға және жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынады. Айта кетейік, өткен жылғы шомылу маусымында облыс су айдындарында 9 адам қаза тапқан. Оның төртеуі - балалар.Количество показов: 21
Дата создания: 27.05.2026 06:56:49



















