Өңірде шегірткеге қарсы жұмыстар күшейтілді
Өңірде аса қауіпті үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы кең ауқымды химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Мамандардың айтуынша, өңірде жоспарланған алқаптың 40 пайыздан астамы өңделіп үлгерген. Арнайы мамандар егістік пен жайылымдарды бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Қалада 2026 жылы аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Жалпы 424 мың гектардан астам аумақты химиялық өңдеу жоспарланған. Мамандардың мәліметінше, үйірлі шегірткелердің жер бетіне шығуы алғаш рет 4 мамыр күні Ырғыз және Шалқар аудандарында тіркелген. Ал 12 мамырда олардың жаппай таралуы байқалған. Осыған байланысты химиялық өңдеу жұмыстары 15 мамырдан бастап қарқынды түрде жүргізілуде.Бүгінгі күні облыстың 10 ауданында зиянкестерге қарсы өңдеу шаралары атқарылып жатыр. 11 маусымдағы дерек бойынша 180,2 мың гектар аумақ өңделген, бұл жоспарланған көлемнің 42,5 пайызы. Жұмыстарға барлығы 74 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар заманауи технологияларды кеңінен қолдану арқылы өңдеу тиімділігін арттырып отыр.Химиялық өңдеу барысында шегірткені жоятын түрлі шетелдік препараттар пайдаланылады. Мамандар бұл препараттардың биологиялық тиімділігі жоғары нәтиже көрсетіп отыр,- дейді. Ал өңірде фитосанитариялық жағдай толық бақылауда, өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатынын жеткізді жауаптылар.Количество показов: 13
Дата создания: 12.06.2026 07:07:09



















