Өңірде сұйылтылған газ тапшылығы жоқ
Қаладағы газ құю бекеттеріне автогаз шамамен бір апта бұрын қайта жеткізілген. Ал оған дейін газ болмай, ұзын-сонар кезек байқалған еді. Қазіргі таңда сұйылтылған газ тапшылығы жойылды, бекеттерде тізілген көліктер жоқ. Шаһарда автогаз тапшылығы жоқ. Газ құю бекеттерінде жағдай тұрақтала бастаған. Бұған дейін бір апта бұрын сұйылтылған газ таппай, көлік жүргізушілері ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болған еді. Көптеген бекеттерде кезекті сағаттап күткендер де болды. Алайда соңғы бір аптада жағдай өзгеріп, газ қайта жеткізілді. Қазіргі таңда кезек толығымен жойылған. Жүргізушілер енді көліктерін кедергісіз сұйылтылған газбен толықтыра алады. Темір тұлпар иелері де барлық бекетте жағдай тұрақты дейді. ҚР Энергетика министрлігі жыл басында өңірге 11 500 тоннадан астам сұйылтылған газ бөлген. Оның 3565 тоннасы 1-8 қаңтар аралығында бізге жіберілген. Бүгін жергілікті зауыттардан автомен 286 тонна сұйытылған мұнай газы «Қазақойл Ақтөбе», «Gas Processing» серіктестіктері мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на жөнелтіліпті. Мамандардың айтуынша, зауыттардан жөнелту штаттық режимде жүзеге асырылады. Тұрғындар мен жүргізушілер жағдайдың тұрақталуына оң бағасын беріп, енді көліктерін толық сұйық отынмен қамтамасыз ете алатына риза. Мұндай тұрақтандыру шаралары қаладағы қозғалыс қауіпсіздігі мен жүргізушілердің күнделікті жайлылығы үшін маңызды.Количество показов: 31
Дата создания: 10.01.2026 07:21:49



















