Өңірде сұйылтылған газ тапшы
Қаламызда сұйылтылған газ тапшы. Мәселе бірнеше күннен бері көлік жүргізушілерінің бас ауруына айналды. Қай газ құю бекетіне барсаңыз да, бітпейтін кезек. Әсіресе Нокина даңғылындағы бекетте таңнан кешке дейін көліктердің қарасы үзілмейді. Жүргізушілердің айтуынша, газ көлемінің аздығы ғана емес, бағасының көтерілуі де қосымша қиындық туғызып отыр. Бұған дейін 55 теңге шамасында болған көлік отынының литрі бүгінде 85 теңге. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің мәліметінше, аймақта қазан айына 2 280 тонна газ бөлінген. Ал бүгінгі жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша көлем қарастырылып жатыр. Алдағы күндері сұйылтылған газ тапшылығы қалыпқа келеді деп күтілуде. Қазір Ақтөбе көшелерінде газ кезегін күткен көліктердің қарасы қалың. Халықтың күткені – жағдайдың тезірек реттелуі. Мамандардың айтуынша, мәселені шешуге уақыт қажет. Ал әзірге көлік иелерінің шыдамы мен төзімі сынға түсіп тұр.Количество показов: 14
Дата создания: 03.10.2025 03:46:59