Өңірде пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылуда
Өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жұмыстары, жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы шаралар жер ресурстарын тиімді пайдалануға ғана емес, жайылым тапшылығын азайтып өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыруғада ықпал етуде. Өңірде тегін жер алып, алайда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері жетерлік. Бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары басқарма тарапынан жалғасуда. Бұл бағыттағы шаралар жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жайылым тапшылығын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың айтуынша облыстың жалпы жер қоры 30,1 миллион гектарды құрайды. Оның басым бөлігі 26,9 миллион гектар ауыл шаруашылығы алқаптары. Соның ішінде 25,3 миллион гектары жайылым жерлері. 2022–2025 жылдары облыс бойынша 1 миллион 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биылғы жоспар аясында жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қосымша 136,3 мың гектар жер қайта айналымға тартылды. Қайтарылған жерлердің бір бөлігі елді мекендердің жайылымдық қорын ұлғайтуға бағытталуда. Мәселен, Мәртөк ауданында жайылым жетіспеушілігі 45,9 мың гектардан 18,9 мың гектарға дейін қысқарған. Сонымен қатар өңірде жер қойнауын пайдаланушылардың бұзылған жерлерді қалпына келтіру міндеттемелерінің орындалуына бақылау күшейтілді. Мерзімі аяқталған жер учаскелерін өңдеу бойынша талаптар қойылып, заң талаптарын орындамаған жер пайдаланушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда. Сондай-ақ қалада жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын қайта қарау ұсынылып отыр. Егер өзгеріс бекітілсе, бір шаршы метрдің базалық ставкасы 1 287 теңгеден 2 450 теңгеге дейін өседі.Количество показов: 6
Дата создания: 24.06.2026 06:54:35



















