Өңірде оқу жылын 189 436 оқушы аяқтады
Биыл өңірде оқу жылын 189 436 оқушы аяқтады. Олардың ішінде 11 099 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Қаламыздағы №82 жалпы орта білім беретін мектептегі «Мектебім, саған мың алғыс» салтанатты жиынына облыс басшысы қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде аймақ басшысы ақтөбелік барша түлекті өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, өңірде сапалы білім алуға және жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Мектепте 2 419 оқушы білім алады, 184 педагог жұмыс істеп жатыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп 2025 жылы ашылып, биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарып салды. Оқу орнын 90 оқушы аяқтады, олардың ішінде 4 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер және 10 оқушы – үздік аттестатқа үміткер. Мектеп бітіруші түлектер үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды.Одан бөлек биыл өңір оқушылары білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындырып, облысымыздың абыройын республикалық және халықаралық деңгейде танытып, 452 медаль иеленді. Мұның барлығы облыстың білім саласындағы жүйелі жұмыстың, ұстаздардың еңбегі мен оқушылардың табанды ізденісінің нәтижесі екенінің дәлелі.Количество показов: 10
Дата создания: 26.05.2026 06:42:02



















