Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі жаңартылмаған
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі жыл басында 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Қияр, қызанақ, жұмыртқа, ет пен сүт өнімдері тізімге қосылған болатын. Тауарларға 15 пайыздан артық үстеме қосылмайды. Дегенмен, қосымша тізімдегі тауарлар өңірімізде әлі жүзеге асырылып жатқан жоқ. Шаһардағы әлеуметтік дүкендерде бұрынғы 19 тізімге енген азық-түліктер сатылып жатыр. Тимур Бимановтың сөзінше, халық жиі тұтынатын тауарлар уақытында жеткізіледі. Сапасы жоғары, бағасыда сын көтереді, дейді. Шаһардағы "Табыс" әлеуметтік дүкендерінің біріне барып көрдік. Картоп, сәбіз, пияз құны 160 теңге шамасында. Ал сұйық майдың бір литрі 670 теңге. Қант келісі 370, күріш құны 450 теңгеден саудаланып жатыр. Қор толық. Тұтынушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларды арнайы дүкендерден жиі тұтынатындарын айтады. Кейбірі бағаны базардағы құнмен салыстырды. АҚтөбеліктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына сын айтпады. Қолжетімді тауарлар тізімі толықса дейді. Ал, 19 тізімнің қашан 31-ге жететіні белгісіз.Количество показов: 10
Дата создания: 29.01.2026 06:38:05



















