Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына 4,5 млрд теңге бөлінді
Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына 4,5 млрд теңге бөлінді. Аймақта қыс-көктем мезгілінде тұрғындарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту мақсатында тұрақтандыру қоры қалыптастырылып жатыр. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін қамтамасыз еткен. Қорға жиналған өнімдер қатарында картоп, сәбіз, пияз бен қырыққабат бар. Сондай-ақ, "Болат ЛТД" серіктестігі мен "Тура жол" шаруа қожалығының да қоймалары тексерілген. Оларда картоп пен сәбізді жинау науқаны аяқталыпты. Қырыққабатты жинау науқаны 10-15 қараша аралығында басталады. Мамандардың сөзінше, қоймаға түскен картоп көлемі 9 мың тоннадан асады. Сәбіз бен қырыққабат 2 мың, пияз 1400 тоннадан көп. Барлық өнім қоймаларға жеткізілер алдында сұрыпталып, сақтауға дайындалып жатыр. Айтып өтейік, тұрақтандыру қоры өңір тұрғындарына маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Количество показов: 17
Дата создания: 04.11.2025 05:55:17














 
    




 