Өңірде коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді
Облыста коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде халық үшін су және кәріз қызметтері 10 пайызға, жылу тарифі 20 пайызға, ал газ бағасы 17,7 пайызға арзандады. Сонымен қатар электр энергиясының тарифін көтеру туралы ұсыныс қаралып, 15 сәуірде жария тыңдаулар қорытындысында бұрынғы тарифтерді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданған. Мамандардың айтуынша, тарифтерге қатысты барлық өзгерістер экономикалық негіздемелерге сүйене отырып қабылданады. Өткен жылдың соңында облыс аудандарындағы халық үшін тарифтерді төмендету қайта қаралды. Жұмыстар нәтижесінде аймақта реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субьектілерінің бұрын бекітілген тарифтерін қайта қарады. Айта кету керек, "Энергосистема" серіктестігі электр қуатының бағасын өсіру туралы хабарлама жолдағанымен, яғни сатып алынатын электр энергиясының құнын арттыру, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтердің өсуі сияқты себептер болған. Жария тыңдаулар барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, бұрынғы тарифтерді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданған.Количество показов: 10
Дата создания: 05.06.2026 06:48:40



















