Өңірде Халықаралық пара үстел теннисінен турнир өтеді
2026 халықаралық пара үстел теннисінен турнир басталды. Турнир 25-28 шілде аралығында өтеді. Ауқымды додаға әлемнің 23 елінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынайды. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген шетелдік спортышлар өңірге алғаш рет келгендерін жеткізіп, өңір тұрғындарының мейірімділігі мен жарысқа дайындығын ерекше атап өтті. ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық пара үстел теннисінің қатысушысы - 17 жастағы Ирландияның Дублин қаласынан келген спортшы Сэм Бреннан. Ол бес жылдан бері пара үстел теннисімен айналысады. Денсаулығындағы ақауға қарамастан, ол спортта өз жолын тауып, бүгінде ұлттық құрама сапында халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Оның айтуынша, үстел теннисін ойнап 12 жасында бастаған. Осы уақытқа дейін Швеция, Финляндия, Норвегия, Чехия және Түркияда өткен халықаралық жарыстарда бақ сынаған. Ал Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Бұл жарыс Халықаралық үстел теннисі федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Біздің өңірде аталмыш турнир алғаш рет өтуде. Әлемдік деңгейдегі додаға 23 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.Турнир спортшыларға әлемдік рейтингте ұпай жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары мен Таиландтағы әлем чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Бұл жарыс аймақтың халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды өткізе алатын мүмкіндігін дәлелдейді. Мұндай ауқымды дода өңірдегі бейімделген спортты дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және обылстың туристік әлеуетін әлемге танытуға ықпал етпек.Количество показов: 14
Дата создания: 25.07.2026 06:55:56



















