Өңірде күзгі маусымдық азық-түліктердің кезеңі өтіп жатыр
Қаламыздағы көтерме базарда сауда қарқыны бәсеңдеген. Шулы базарда жеміс-жидектің сан түрі сатылуда, алайда сатып алушылардың қарасы аз. Бананның келісі 800 теңгеден басталады. Алманың бағасы сортына қарай 250-ден 500 теңгеге дейін барады. Апельсин 850, алмұрт 650 теңге. Ал мандариннің бағасы 1500 теңгеге дейін жетіп отыр. Саудагерлердің сөзінше, бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда тым жоғары әрі қымбат. Бағаның қымбаттауына өнімді жеткізу барысындағы қиындықтар әсер етіп отыр. Жеміс-жидектер көбінесе көшілес мемлекеттерден жеткізіледі. Саудагерлердің айтуынша, шекарадағы тексерістердің күшеюі тауардың жеткізілу уақытын ұзартып, өнімнің нарыққа кешірек түсуіне себеп болып отыр. Сауда саттықтың азаюына бағаның өсуі кері әсер етіп отыр дейді кәсіпкер. Сондықтан базардағы мол тауар түсіміне қарамастан, сауда-саттық біршама баяулаған. Мұны байқаған тауар тұтынушылары күнделікті тұтынатын өнімдерден басқасын сатып алуды біршама қысқартқан.Количество показов: 9
Дата создания: 08.10.2026 09:17:45



















