Өңірде күзгі екі айлық сенбілік басталды
Өңірде 13-қыркүйекте күзгі екі айлық сенбілік басталды. Шаһарда күзгі тазалық жұмыстары басталғалы 16 мыңнан астам адам қатысып, жүзден аса техника жұмылдандырылған. Қала әкімі Азамат Бекеттің сөзінше, саябақтар, скверлер мен ескерткіштер қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынған. Екі айлық барысында жиналған барлық қоқыс қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тегін қабылданады. Өңір басышысы Асхат Шахаров аппарат мәжілісінде кәсіпкерлерді сенбілктерге белсене қатысып, бизнес нысандарының айналасын ретке келтіруге шақырды. Оның айтуынша, таза әрі абаттандырылған орта - тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірінің кепілі. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетовтің мәліметінше, аймақта тек 16-қыркүйекте өткен «Таза өлке» акциясының өзінде 230 техника жұмылдырылып, 860-қа жуық көше мен 140-тан астам саябақ тазартылған. Қоқыс полигондарына 560 тоннадан көп қалдық шығарылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы көктемде 55 мың ағаш отырғызылса, күзде тағы жүз мыңнан астам көшет егу жоспарымен де бөлісті. Аймақтағы рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындарды жою ерекше назарда. Олар ғарыштық мониторинг арқылы анықталады. Ал, қала тазалығы жөнінде тұрғындардың пікірі қандай? Күзгі екі айлық тек өңірдің ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс орталығында күзгі екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары 15-қарашаға дейін жалғасады. Сенбілік жұмыстарына мектептер, балабақшалар, ауруханалар, жоғары және арнаулы оқу орындары, тұрғын үй басқару мекемелері мен бизнес құрылымдары белсенді қатысуда. Өткен демалыс күндері халықаралық «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында қала тазалығына ірі кәсіпорындар да атсалысқан.Количество показов: 34
Дата создания: 24.09.2025 07:13:22