Өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жыл бойына жұмыс жасайтын лагерь бар
Өңірде тек жазда емес, жыл бойы жасайтын лагерьлер бар. "Бақытты бала" жобасы аясында Алға ауданынан ашылған "Күншуақ" сауықтыру лагері балаларды жыл бойы қабылдайды. Лагерьдің басты ерекшелігі - мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Ал жазғы кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да демалады. Күншуақ лагері соңғы жеті жылда 4 700 ден астам баланың демалу және сауықтыру орнына айналды. Тек 2025 жылы мұнда 667 бала демалды. Әр ауысымның ұзақтығы-14 күн. Жыл бойы лагерь ауысымына 54 баланы қабылдайды, ал жазғы маусымда оның сыйымдылығы 134 балаға дейін артады. Алаңда тоғыз тұрғын корпусы бар, оның төртеуі жыл бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ заманауи асхана, клуб, медициналық пункт, сенсорлық бөлме, емдік дене шынықтыру кабинеті, ойын бөлмесі және психологиялық түсіру бөлмесі жұмыс істейді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Балалар үшін қауіпсіз жабыны бар әмбебап спорт алаңы, Workout жаттығу аймағы, көпфункционалды хоккей корты, ойын кешендері, сондай-ақ иппотерапияға арналған алаң жабдықталған. Лагерьде иппотерапияны пайдалана отырып, оңалту сабақтары ұйымдастырылды, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психолог, логопед және дефектолог тұрақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетіледі. Ал балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін мұнда сәндік-қолданбалы өнер және музыка үйірмелері жұмыс істейді. Күн сайын лагерьде танымдық, тәрбиелік, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтеді, балалар болса, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қосқанда бес реттік теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етілген.Количество показов: 16
Дата создания: 31.07.2026 08:15:32



















