Өңірде егін ору жұмыстары басталды
Облыс бойынша биылғы егін орағына дайындық жұмыстары жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, техника, жанар-жағармай қоры және астық қабылдау орындары толық дайын. Олардың айтуынша, биыл облыста 435 мың гектардан дәнді дақыл, 82,1 мың гектар майлы дақыл және 6,1 мың гектар картоп пен бақша өнімін жинау жоспарланып отыр. Диқандар егінді толықтай егіп,суарып, күтіп, енді жинау жұмыстарын жүргізуде. Олардың айтуынша, биыл облыста 435 мың гектардан дәнді дақыл, 82,1 мың гектар майлы дақыл және 6,1 мың гектар картоп пен бақша өнімін жинау жоспарланып отыр. Егін орағына қажетті техника мен жанар-жағармай қоры толық дайын,- дейді олар. Науқанға 8 мың тонна дизель отыны бөлінген. Ал жиналған өнімді қабылдау жұмыстарын облыстағы 7 лицензияланған астық сақтау кәсіпорны мен шаруашылықтардың қоймалары жүзеге асырады. Жалпы астық сақтау сыйымдылығы 685 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда жаңа өнімді қабылдауға дайындық пысықталып, мониторинг жүргізілуде. Егістік алқаптарының жағдайы жақсы, жұмыстар жалғасады,- дейді басқармадағылар. Облыс бойынша егін алқаптарындағы жұмысқа 1 500 трактор, 600-ге жуық астық ору комбайны, 800-трактор тіркемесі жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Шілде айының 3-ші онкүндүгінен бастап, дәнді дақылдарды жинау, жекелеген шаруашылық қожалықтарында басталды. Бүгінгі күнге дейін 8,5 мың гектар жиналып14,5 тоннадан астам өнім алынды. Ал жаппай егін ору жұмыстары 20-шы тамыздан кейін басталады деп жоспарланып отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 06.08.2026 10:26:33



















