Өңірде былтыр 22 кәсіпкердің мүліктік құқықтары қорғалды
Өңірде өткен жылы 22 кәсіпкердің мүліктік құқықтары 5,2 млрд теңгеге қорғалды. Оған облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған. Соттық қорғау аясында Палата 15 іске қатысып, нәтижесінде бизнестің мүдделері қосымша 861 млн теңгеге қорғалды. Бұл туралы ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде өткен кеңесінің отырысында айтылды. Облыстағы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы бүгін өткен жылды қорытындылады. Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстың нәтижелерімен бөлісті. Жалпы былтыр Палатаға кәсіпкерлерден 287 өтініш түскен. Оның 73 пайыздан астамы оң шешімін тапса, қалған өтініштер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қалған жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Кәсіпкерлер тарапынан ең жиі көтерілген мәселелер - мемлекеттік сатып алулар, агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар, салық салу, жер және мүліктік қатынастарға қатысты болды,- дейді палатадағылар. Сонымен қатар, 2025 жылы Палата нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша 132 сараптамалық қорытынды берді. Нәтижесінде облыс аудандарының басым бөлігінде 2026 жылға арналған арнайы салық режимінің мөлшерлемелері 2 пайызға дейін төмендетіліп, бұл кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды шарасына айналған. Әлі 15 шағым бойынша өткен жылғы жұмыстар жалғасып жатыр.Количество показов: 7
Дата создания: 16.01.2026 04:41:43



















