Өңірде балық шаруышылығымен айналысуға тиімді 134 су айдыны бар
Өңірде балыққа сұраныс жоғары. Балықтың бір бөлігі өңірдегі су айдындарынан ауланса, енді бір бөлігі Ресей елінен әкелінеді. Атырау, Арал, Ырғыз аймақтарынан да жиі тасымалданады. Ал өңірде Қарғалы су қоймасынан ауланады дейді саудагер. Сатушылардың айтуынша, өнім ұзақ тұрмайды. Күн сайын сатылып, сөре қайта толықтырылып отырады. Балық нарығында 2025 жылдың аяғында баға біршама өскен. Сұраныстағы балықтар - сазан мен мөңке. Мөңке балығының келісі 1300 теңгені құраса, сазан құны 1800 теңгеден басталады. Бір павильонға күніне шамамен 2 тонна балық келеді. Облыста балық шаруышылығымен айналысуға тиімді 134 су айдыны бар. Соның 76-сы нақты бекітіліп берілген. Ал 50-ден астамы сақталым қорында тұр. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов кәсіпкерлерді балық шаруашылығы аясында биыл түрлі байқаулар болатынын ескертеді. Оған арнайы мемлекеттік қаржы қарастырылады. Былтыр елде балық өнімдерінің жалпы өндіріс көлемі шамамен 70 мың тоннадан асқан. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі. Ал, Қазақстанда балықты қайта өңдеу саласында жылдық қуаты 120 мың тонна болатын 72 кәсіпорын жұмыс істейді.Количество показов: 6
Дата создания: 30.01.2026 07:19:49



















