Өңірде «Қауіпсіз жол» іс шарасы өтіп жатыр
Өңірде жол қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Екі күннің ішінде полицейлер 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде телефон пайдалану фактілері бар. "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолдағы бақылау күшейтілді. Мамандардың айтуынша екі күнде полицейлер 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 3 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 41 көлік техникалық талаптарға сай болмаған, 19 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген. Сонымен қатар 16 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған. Ал 72 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай немесе мотошлем кимей көлік жүргізген. 9 көлік арнайы тұраққа қойылды. Самара-Шымкент автожолының Ақтөбе-Хромтау бағытындағы учаскесінде бақылау дрондардың көмегімен де жүргізілуде. Іс-шара басталғалы бері қарсы қозғалыс жолағына шыққан 11 жүргізуші анықталған. Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға, көлік басқару кезінде телефон қолданбауға шақырады. Жолдағы бір сәттік асығыстық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескертеді.Количество показов: 10
Дата создания: 13.08.2026 07:58:33



















