Өңірде аллергияға шалдыққандар көп
Бүкіләлемдік бронх астмасына қарсы күрес күні мамырдың басында өтеді. 15 жылдан астам уақыттан бері дүниежүзі бойынша түрлі акциялар өтеді. Себебі, жыл санап әлемде аллергия мен астма ауруы қарқынды дамып жатыр. Соңғы 50 жылда тіпті дамыған елдерде пациент саны артқан. Оның ішінде балалардың да үлесі зор. Мәселен, әлемде адамдардың 30%- ы аллергиялық риниттен және 20% - ы аурудың тері көріністерінен зардап шегуде. Мамырда ақтөбелік аллерголог дәрігерлер науқастар үшін түрлі акциялар ұйымдастырады. Бүгін Ақтөбе медициналық орталығында ашық есік күні өтті. Бронх астмасы бар тұрғындар аллерголог дәрігерлерден кеңес алды.Бронх астмасы - бұл тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Онымен белсенді өмір сүруге болады. Тек уқытылы дәрігерге қаралып, ем-дом қабылдау арқылы ауруды бақылауда ұсауға мүмкіндік бар. Ақтөбе медициналық орталығындағы аллергологиялық орталықта науқастар емделеді, кеңес алады, ем тағайындалады. Ақ халаттылардың сөзінше, дұрыс таңдалған ем асқынудың алдын алады. Медицина да жыл санап дамып келеді. Қазір тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер бар. Мемлекет тарапынан тегін берілетіндері де көп. Маусымдық аллергия адамда болашақта бронх астмасына айналуы мүмкін. Бұл - әлеуметтік мәселе.Количество показов: 44
Дата создания: 29.05.2025 00:34:04